Сурет: primeminister.kz
Ауа райының қолайлы болуының арқасында 27 қыркүйекке дейін еліміздің негізгі астық егетін өңірлерінде 13 млн га жуық алқап немесе 75%-ы жиналды. Егін жинау науқанын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазір майлы дақылдарды жиналып жатыр.
Өнімді кептіру агрегаттарына арзандатылған дизель отыны мен сұйытылған газды тиеп, жөнелту, 4-сыныпты арпа мен бидайдың бағасы – жедел штаб отырысында қаралған негізгі мәселелер болды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов хабарлағандай, 27 қыркүйекте элеваторларға 3,376 млн тонна астық түсті, оның 2,476 млн тоннасы – бидай. Бидайдың жалпы көлемінде 1,4 млн тоннасы 3-сыныпты бидай (56,2%), 701,4 мың тонна – 4-сыныпты (28,3%), 263,1 мың тонна – 5-сыныпты (10,6%) астық. Қамбаға түскен арпаның 95%-ға жуығы – 2-сыныпты арпа.
4-5-сыныпты бидай жинауды ұлғайту перспективасын ескере отырып, шаруалар осы астықтың форвардтық сатып алу бағасын мүмкіндігінше ерте жариялауды сұрап отыр. С.Жұманғарин Азық-түлік корпорациясына келесі аптада форвардтық сатып алу бағасын жариялауды тапсырды.
Негізгі астық егетін өңірлерге астық кептіру агрегаттарына арналған арзан бағада сұйытылған газ жеткізу басталды. Өнімді жинап, кептіруге қажетті дизель отынын тиеп жөнелту жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
Күзде топыраққа енгізу үшін қажетті минералды тыңайтқыштарды жөнелту барысы жеке қарастырылды. Сондай-ақ жөнелту төмен қарқынмен жүріп жатқан өңірлерге сын айтылды.