АСТАНА. 28 сәуір. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында осы жылдың 26 сәуірінде өткен Қазақстан Президенті сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңімпаз атанғаны ресми түрде жарияланды. Сайлаушылардың 97,75 пайызы Назарбаевтың кандидатурасын жақтап дауыс берген. Бұл туралы отырыста Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.
«Сайлауда барлық дауыс берушілердің 95,21 пайызы өз таңдауын жасады. Олардың дауыстары төмендегідей бөлінді: Әбілғазы Құсайыновқа – 57 718 немесе 0,64%, Нұрсұлтан Назарбаевқа – 8 833 250 немесе 97,75%, Тұрғын Сыздықовқа – 145 765 немесе 1,61% сайлаушы дауыс берген. Облыстардан және Алматы мен Астана қалаларынан алынған нәтижелер негізінде Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Президенті болып саналсын деп қаулы етеді», – деді Қуандық Тұрғанқұлов.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялағаны белгілі. Қуандық Тұрғанқұловтың айтуынша, ол кездегі нәтиже төмендегідей болған еді. Яғни, Әбілғазы Құсайыновқа – 0,7%, Нұрсұлтан Назарбаевқа – 97,7%, ал Тұрғын Сыздықовқа – 1,6% сайлаушылар дауыс берген.
Айта кетейік, сайлаудан кейін бірден exit poll-дың нәтижесі жарияланды. Ол кезде де Мемлекет басшысының сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жеткені белгілі болған еді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Орталық сайлау комиссиясы.
Сурет: mail.ru.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше