28 Қаңтар, 2015

24 сағат

310 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
*Испания аумағында­ғы НАТО әскери базасында гректің жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтеріле бере ан­гар­дың үстіне құлап, жа­рыл­ған. Оқиға салдарынан Испа­нияға біліктіліктерін жетіл­діруге келген 8 франция­лық әскери ұшқыш пен 2 гре­киялық әскери ұшқыш қаза тапты. Тағы 13 адам түрлі дең­гейде дене жарақатын алды. Күрд көтерілісшілерінің күштері Сирияның Айн әл-Араб (Кобани) қаласын толықтай өз бақылауына алды. Қала түрік шекарасына жақын маңда орналасқан. Қаланы «Ислам мемлекеті» қарулы жасақтарынан тазартуға бір­неше айға созылған ұрыс қи­мыл­дарынан кейін қол жетіп отыр. АҚШ-тың әскери-әуе күш­тері сириялық күрдтерге әуеден қолдау көрсеткен. Пәкістанның арнайы қызметтері терроризмге қаты­сы бар деген күдікпен кем де­генде 9 мың адамды тұт­қын­даған. Қамауға алынған­дар­дың арасында 3 мыңнан ас­там молда мен медресе мұға­лім­дері, сондай-ақ, 3,5 мың­дай ауғандық босқын бар. Ұс­тал­ғандардың ең көбі, яғни 6702 адам негізінен пуш­тун­дар тұратын Хайбер-Пахтунхва провинциясының үлесіне тиеді. *  2011 жылдың қаң­тар­ында жаппай наразылық шерулері барысында та­ғы­нан тайдырылған Мысыр президенті Хосни Мүбәрактің екі ұлы түрмеден шығарылды. «Ассошейтед Пресс» агент­тігінің хабарлауына қарағанда, Аля мен Гамаль қамаудан боса­тылғаннан кейін ел астанасы – Каир қаласының оңтүстігінде орналасқан өз үйлеріне жол тартыпты. Куба революция­сы­ның көсемі Фидель Кастро алғаш рет АҚШ пен Куба арасында дипломатиялық қарым-қатынас қайта орнауына байланысты түсінік берді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ол АҚШ президенті Барак Обама мен қазіргі Куба басшысы Рауль Кастро бастаған жақындасу туралы қадамдарды құп­тай­тынын білдіріпті. Бірақ АҚШ саясатына сенбейтінін де ашық айтқан. Ресей Тәжікстандағы әскери базасын күшейту ниетінде. Мұндай шешімге тараптар Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антоновтың Ду­шан­беге сапары барысында келсе керек. Антоновтың сөзіне қа­рағанда, Тәжікстан қарулы күштерін нығайту арқылы Ресей өзінің қауіпсіздігін де нығайта түседі. Аргентина президенті Кристина Фернандес де Кирш­нер елдің барлау ведомс­твосын тарату туралы жоспары бар екенін жария етті. Оның пікірінше, атал­ған ведомство жемқор­лықтың ошағына айналған. Прокурор Альберто Нисман­ның қазасы сыртында да агенттіктің жемқорлыққа салынған қызметкерлері тұруы ықтимал. Америкалық миллиардер Дональд Трамп рес­публикашылар тарапынан президенттік сайлауға қайта түсуге уәде беріп отыр. Мен бұл лауазымды атқара алатыныма толық сенімдімін, дейді ол. Трамптың пікірінше, рес­публикашылар қатарынан басқа лайықты үміткер көзге көрініп тұрған жоқ. Трамп 2008 және 2012 жылдарғы президенттік сайлауға түсемін деп алып, артынан тайқып шыққан еді. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде әзірленді.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті

Экономика • Бүгін, 11:00

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Шаруашылық • Бүгін, 09:15