Үкімет • 02 Қазан, 2024

Экономикалық үдерісті цифрландыру жайы

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Ереван қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысты, сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдер үкімет басшыларымен Одақтың цифрлық күн тәртібін «Заманауи цифрландыру – төрт еркіндікті қамтамасыз ету императиві» үшінші Еуразиялық экономикалық форумы аясында талқылады. 

Экономикалық үдерісті цифрландыру жайы

primeminister.kz

Экономикалық үдерістерді цифрландыру келешегі талқыланған Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті қатысты.

Премьер-министр сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО шеңберінде цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Форумда Қазақстан тарапы қатысушы елдер арасында мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуға мүмкін­дік беретін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу қажеттігін атап өтті.

ЕҮАК отырысында шағын, сондай-ақ кеңейтілген құрамда сауда, көлік пен логистика, АӨК салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың бірлескен шаралары қаралды.