Оқиға • 02 Қазан, 2024

«Air Astana» жалғыз ұшатын балалар үшін жаңа ереже енгізді

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Air Astana» әуе компаниясы бүгіннен бастап ата-аналар ұшақта ересектердің қарауынсыз ұшатын балалар үшін арнайы алым төлейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Air Astana» жалғыз ұшатын балалар үшін жаңа ереже енгізді

фото ашық дереккөз

Енді  ел азаматтары 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды ұшақпен ұшыратын болса  9 750 теңге қосымша ақы төлеуге тура келеді.  

Әуе компаниясының айтуынша,  ақысы төленген жағдайда борт қызметкерлері  баланы әуежайға тіркелген сәттен бастап, баратын жердегі жауапты тұлғаның қолына тапсырғанға дейін қызмет атқарады.

Балалар сапардың басынан аяғына дейін  экипаждың бақылауында болады.