Ауа райы • 02 Қазан, 2024

Елдің бірқатар өңірінде -2-8 градустық аяз болады - синоптиктер

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге - 3,4,5 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің бірқатар өңірінде -2-8 градустық аяз болады - синоптиктер

Фото: freepik.com

Метеорологтардың мәліметінше, кезекті солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді, тиісінше күн суыта бастайды. Десе де мамандар жауын-шашын жаумайтынын хабарлады.

«Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 3 қазанда оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі», дейді синоптиктер.

Оған қоса елдің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы -2-8 аязға дейін төмендейтіні ескертілді.