Заң • 02 Қазан, 2024

Трансферт туралы заң жобалары таныстырылды

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілісте Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельеваның жетекшілігімен 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобаларының таныстырылымы өтті. Оған палата вице-спикері Дания Еспаева, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Трансферт туралы заң жобалары таныстырылды

Фото: https://mazhilis.parlam.kz

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, 2025 жылға арналған кірістер 21,7 трлн теңге көлемінде болжанып отыр, оның 15,6 трлн теңгесі - трансферттерді есепке алмағандағы кірістер. Шығыстар 25,8 трлн теңгеге дейін артады. Бұл ретте бюджет алдыңғы жылдардағыдай әлеуметтік бағытта қалады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасының нормалары туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин баяндама жасады. Ол 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт көлемі жыл сайын 2 триллион теңге көлемінде белгіленгенін айтты.

Таныстырылымнан кейін жиынға қатысушылар заң жобаларын талқылады. Олар бойынша жұмыс жұмыс топтарының отырыстарында жалғасады. Жұмыс топтарына Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Еркін Әбіл жетекшілік етеді. Талқылау барысында депутаттар тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлер ескеріледі.