Қоғам • 02 Қазан, 2024

Антикор экс-шенеуніктің үйі 2 миллиард теңгеге сататыны рас па?

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматының тау бөктерінде орналасқан зәулім үйдің сатылымға шығарылғаны туралы ақпаратты зерттейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антикор экс-шенеуніктің үйі 2 миллиард теңгеге сататыны рас па?

Фото: museum-design.ru

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастығының бұрынғы орынбасарының жұбайы Алматыда отбасылық зәулім үйді сатылымға шығарғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейбір деректер бойынша бұл үй 2 миллиард теңгеге бағаланған.

Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Біз де хабарламаны көрдік. Қызметкерлеріміздің назарына алынды. Тағы бір мәселені бірден атап өткім келеді, егер бұл үй декларативті болса, егер тиісті түрде тіркелген болса, барлығы заң шеңберінде болса, біз аталған үй иесінің жекеменшік құқығын құрметтеуіміз керек. Бұны зерттеу қажет», деді Сарқұлов Мәжіліс кулуарында.