Қазақстан • 02 Қазан, 2024

Қазақстанның Израильдегі елшілігі халыққа үндеу жолдады

97 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Израиль мемлекетіндегі Елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдап, бірқатар ұсыныс берді, деп хабарлайды Egemen.kz елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Израильдегі елшілігі халыққа үндеу жолдады

Фото: istockphoto.com

«Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды», делінген үндеуде.

Сондай-ақ Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі іске қосылды.

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

  • +972 (3) 503 78 85 (кезекші);
  • +972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp);
  • +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp);
  • +7 700 111 31 96 (WhatsApp).

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қазанына қараған түні Израиль армиясы Ливанның оңтүстігінде құрлық операциясы басталғанын мәлімдеді. Кейін Иран Израильге қарай 500-ге жуық зымыран ұшырғаны хабарланған еді. ЦАХАЛ өкілі Даниел Хагари зымырандардың бір бөлігі атып түсірілгенін айтты.

а

Фото: AFP

 

Израиль Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны қатаң айыптап, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалғанын алға тартты.

Айта кетейік, бүгін 2 қазанда ҚР Сыртқы істер министрлігі де Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты шұғыл мәлімдеме жасады. 

«Біз бейбіт тұрғындардың қазасы мен жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеу мақсатында барлық қатысушы тараптарды сабырлылық танытып, күш қолданудан бас тартуға шақырамыз. Осыған байланысты, келіспеушіліктерді БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттары аясында тек саяси-дипломатиялық жолдармен шешу үшін жедел шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтеміз», деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.