Қазақстан • Кеше

Қазақстан азаматтары Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен жоқ – СІМ

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіске қатысты шұғыл брифинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан азаматтары Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен жоқ – СІМ

Фото: ҚР СІМ

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы шиеленістер салдарынан Қазақстан азаматтары зардап шекпегенін айтты.

«Израиль, Иран және Ливанда зардап шеккен немесе қаза тапқан отандастарымыз туралы ақпарат түскен жоқ. Осы орайда Қазақстан азаматтарын аталған елдерде консулдық есепке тұруды шақырамыз. Қазіргі уақытта Израиль, Иран және Ливанда тұратын Қазақстан азаматтарынан тұрып жатқан жерлерінен шықпауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтіп, сақтық пен қырағылық танытуды сұраймыз», деді Айбек Смадияров.

Министрлік ұсынған деректерге сәйкес, Қазақстанның консулдығы есебінде Израильде - 120 азамат, Иранда - 102 азамат және Ливанда - 139 азамат тұрады. Оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері де бар.

«Қайталап айтамын, аталған елдердегі Қазақстан елшілігі өкілдерімен байланыс орнату аса маңызды. Сыртқы істер министрлігінде, Израиль, Иран және Ливанда жедел желілер іске қосылды. Толық ақпарат СІМ-нің және елшіліктердің ресми ресурстары мен әлеуметтік желілерінде жарияланады», деп қосты Айбек Смадияров.