Спартакианың ашылу салтанатына Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб және аталған басқармаға қарасты мекемелердің басшылары қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Илья Васильевичтің сөзінше Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, ұжымдар арасында ынтымақтастықты неғұрлым нығайта түсу.
Айта кетсек, Спартакиадаға 10-нан астам әлеуметтік мекеме қатысып, әр мекеменің шамамен 30-35 өкілі спорттың 6 түрі бойынша жарыстарда сыналады.
Бүгін ерлер мен әйелдер арасында шахматтан және дәл сондай тұрғыда дойбыдан матчтар өтті.
Шахматтан ерлер арасында:
1-орынды – «Белсенді өмір сүру» орталығы,
2-орынды – «Жансая» мекемесі,
3-орынды – «Қамқор» мекемесі жеңіп алды.
Шахматтан әйелдер арасында:
1-орын – «Жансая» мекемесі.
2-орын – «Белсенді өмір сүру» орталығы.
3-орын – «Шарапат» мекемесі.
Дойбы ойыны бойынша ерлер арасында:
1-орынды «Нұрлы жүрек» мекемесі,
2-орынды «Қамқор» мекемесі,
3-орынды «Жанұя» орталығы алды.
Дойбыдан әйелдер арасында:
1-орын – «Қамқор» орталығы.
2-орын – «Жанұя» орталығы.
3-орын – «Демеу» мекемесі.
Шахмат пен дойбыдан жарыстар «Белсенді өмір сүру» орталығында өтті. Енді 4 қазанда ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақ спортынан және 7 қазанда үстел теннисінен жарыстар аталған орталықта өтеді.
Жарыс одан әрі жалғасады. Атап айтқанда, 13 қазанда шағын футболдан (Мекенжай: Алматы ауданындағы, Ж.Жирентаев көшесі, 15 Б 4 м-н, 1 қабат), ал 19 қазанда волейболдан Баршын көшесі 30/2 мекенжайында жарыстар өтеді.
Астана қаласындағы ауыр атлетика федерациясының президенті, спорт шебері, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы директорының орынбасары Марат Әбдуәлиұлы айтуынша, аталған жарыс жыл сайын өтіп, дәстүрге айналған.
«21 қазан – Әлеуметтік сала қызметкерлері күні қарсаңында жарыстың қорытындысы шығарылады, яғни, әр командадағы жекелеген әуесқой спортшылардың жеңіп алған бірінші, екінші, үшінші орындары есептелінеді және жалпыкомандалық есеп бойынша жеңімпаз командалар анықталады. Шағын жиын, мерекелік концерт өтеді және Спартакиада жүлдегерлері марапатталады», дейді Марат Әбдуәлиұлы.