Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысты:
- Тойматаев Даурен Болатович - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеттің кафедра меңгерушісі, республикалық дін саласындағы АТТ мүшесі. Тарихшы. Философия ғылымының кандидаты;
- Омаров Тургун Гельманович – Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі. Теолог;
- Тойғанов Мырзабек Сардарбекович - ҚР Ішкі істер Министрлігінің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кафедра меңгерушісі, республикалық дін саласындағы АТТ мүшесі. Психолог, тарихшы, педагогика және психология магистрі;
- Нұғыманов Асет Бауыржанұлы - «Дін мәселелерді зерттеу оталығы» КММ теологі, республикалық дін саласындағы АТТ мүшесі. Исламтанушы.
2024 жылғы 16-20 қыркүйек аралығында іс-шараларды ұйымдастыру барысында Қостанай қаласы, Рудный қаласы, Фёдоров ауданы, Лисаков қаласы және Қостанай ауданы тұрғындарымен, спортшылармен, жаттықтырушылармен, жастармен және жұмыссыз жастармен және т.б. «Жастар арасында деструктивті діни ағымның ықпалынан сақтану жолдарын түсіндіру», «Жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау», «Жастар арасында деструктивті діни ағымның зияны туралы түсіндіру», «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл», «Дәстүрлі Ислам дінінің рухани құндылықтарын түсіндіру» және т.б. тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.