Таным • 03 Қазан, 2024

Ғалам ғажаптары: Гоби гүлденеді

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайлар қанша жылдан бері Гоби шөлін абаттандыру жұмыста­рын жүргізіп келеді. Бұл бастама «Жасыл қабырға» деп аталады.

Ғалам ғажаптары: Гоби гүлденеді

1978 жылы басталған бағдарлама шөлейттенуді баяулатып, аймақтың экожүйесін қалпына келтіруді мақсат етеді. Еске сала кетейік, шөл жыл са­йын 3600 шақырымға ұлғаяды. Ғалымдардың ай­туынша, құрылымы өте күрделі. Сол себепті де арнайы зертханада дайын­дал­ған, жай-күйсіз жерде өсе беретін тұқым отырғызады. Осы уақытқа дейін 66 миллиард тал да еккен.

 

Қырғыз туғандардың қызығы

ва

Қырғыз ғалымдары Мюнхен палеонтология мұражайында әріп­тес­терімен бірге Таш-құмыр қала­сы­ның маңын зерттеп, тероподтар тобы динозаврларының жаңа түрін тапты.

Ол «Манас» эпосындағы алып қара күш мифологиялық құсының атымен «Alpkarakush kyrgyzicus» деп аталды. Бұл туралы «24KZ» басылымы хабарлады. Бұл қазіргі Қырғызстанда табылған алғашқы теропод динозавры. Оның сүйектері орта юра кезеңінде – шамамен 165 миллион жыл бұрын пайда болған балбансай фор­мациясының шөгінділерінен алынды.

 

Азаматтық алған робот

ек

2017 жылы Жапониядағы «Sophia» атты гуманоидтық роботқа Сауд Арабиясының азаматтығын берген. Сөй­тіп, та­рихта тұңғыш рет робот ресми азамат ретінде танылған еді.

Оны «Hanson Robotics» компаниясы жасап шығарған, ол адам сияқты бет қимылдарын жасай алатын. Адамдар­мен қарым-қатынасты да жақсы орна­тады. Бұл оқиға әлем назарын аудар­ды. Ал «Sophia» өзінің сұхбаттарында адамдармен бірге жұмыс істеп, қоғамға үлес қосуға дайын екенін айтқан болатын. Бұл адамзат пен жасанды интеллектінің өзара әрекеттесуінің жаңа кезеңі ретінде қарастырылды.