28 Сәуір, 2015

Жеңімпаздар форумы Павлодарда жалғасты (фото)

182 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
28.04.2015 Pavlodar-1ПАВЛОДАР. 28 сәуір. Облыс орталығындағы  Астана мұз сарайында  өткен жеңімпаздар форумы кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа арналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 28.04.2015 PavlodarЗәулім биік әсем сарайға  Президент тің сайлаудағы жеңісіне  ақ ниет ақ көңілден тілек білдіруші металлургтер, мұнайшылар, теміржолшыла, түрлі этномәдени бірлестік өкілдері,ардагерлер,  кәсіпкерлер, студент жастар, қала жұртшылығы жиналды.  Бүкіл қазақстандықтар сияқты  облыс халқы өз  таңдауын жасап, қазіргі Президентпен алдағы жақсы өмірді, сенімді болашақтарын байланыстырды. 28.04.2015 Pavlodar-2«Сайлау әлем таңғалғандай көтеріңкі көңіл күйде, үлкен ұйымшылдықпен өтті.  Президент жеңіске жетті. Ал, осы кезектен тыс сайлау өткізу жөнінде ұсыныс білдірген Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық қазақстандықтардың қолдауына сүйенді.  Қазақстан халқы  өз Президентін қолдады. Біз болашаққа сенімдіміз. Сайлаудағы жеңістен кейінгі осындай көңіл күйден айырмасын,- деді облыстық сайлауалды штаб төрағасы Виталий Свинцицкий. Форумда жас болса да құрдастарының арасында белсенділігімен көзге түсіп жүрген студент Дарын Тәжібаев та өз ойымен бөлісті. «Мен Президент сайлауына тұңғыш рет қатысып, өз дауысымды Нұрсұлтан Назарбаевқа бердім. Бұл менің өмірімде  ұмытылмастай  күн болып есімде қалады. Біз сайлаудың, дауыс берудің  қандай болатынын өз көзімізбен көрдік. Бәрі де шынайы, ашық түрде өтті, демократия деген сөздің ақиқаты осы екен,  - деді «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студент. Тағы бір студент Ақерке Имашхан да  Президент  сайлауына бірінші рет қатысқанын,  қобалжып, толқығанын айтты. «Есейгеніңіді сезінесің. Елің үшін керек екеніңді түсінесің. Өз дауысымды Нұрсұлтан Назарбаевқа бердім. Барлық қазақстандықтар сияқты мен де  Елбасы саясатын қолдаймын, алдағы жақсы өмір , жақсы күндерге сенімдімін, - деді ол. Жеңімпаздар форумына  жиналған үлкен топ қатысушылары  елімізде     татулық пен тыныштық, бірлік үшін қызмет жасап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевты  әрқашан қолдайтындарын, барлық халықты   бірге жұмыла еңбек етуге,  қазақстандық ұрпақтар жалғасын өсіруге, бай қуатты мемлекет болуға шақырды. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz Сурет:  Валерий Бугаев.