Мәскеу қаласында мүгедектер спорты онкүндігі шеңберінде өткен жарысқа Ресей мен Қазақстаннан барлығы 15 команда қатысқан екен. Өскемендегі «Ақтай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігінің командасы еліміздің намысын қорғады. Бес спортшыдан құралған құрама сапындағы мүмкіндігі шектеулі балалар үздіксіз жаттығу нәтижесінде ат құлағында ойнайтын дәрежеге жетіпті. Мәселен, аталған турнирде Айғаным Ермекова «Паралимпиалық жүріс» тәртібіндегі паралимпиялық бағдарламада, Диас Ескермесов, Дарья Иванова, Әйгерім Құмарбекова, Фаик Насибов «Жүріс» және «Соқпақ» тәртібіндегі арнайы олимпиадалық бағдарламаларда өз өнерлерін паш етті.
Балалар аталған жарысқа алғаш рет ата-аналарынсыз, тек команда жетекшісі мен жаттықтырушыларының бастауымен барды. Мәскеудегі «Планерная» олимпиялық оқу-спорттық орталығында өткен жарыста қазақстандық балалар 15-20 жылдық өтілі бар кәнігі спортшылармен бәсекеге түсіп, аз жылда айтарлықтай тәжірибе жинақтағандықтарын байқатты.
Темірбек Жұмақұлұлы Мәскеуде өскемендік өрендердің жоғары деңгейде өнер көрсеткенін жеткізді. Мәселен, Диас өз дивизионында үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды. 1999 жылы туған Д.Ескермесов туабітті гидроцефалиямен ауырады. 2011 жылдан бері «Үлбі» орталығында ем алып келеді. Ата-анасы Диастың шығармашылық қабілетін шыңдауға көп көңіл бөледі. Ол фортепиано сабағына қатысып, вокалмен шұғылданады. Әсіресе, «Алға, қазақ жігіттері!», «Қазақстан» сынды отаншылдық рухтағы әндерді айтқанды ұнатады. 2013 жылы иппотерапиямен айналыса бастаған ол былтыр ат спортына бейімделу тобына қосылды.
Жалпы, шығысқазақстандық команда қоржынында 1 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль бар.
Жерлестерімізді жеңіске жетелеген жайттың бірі – бірнеше жыл бұрын облыс басшылығының қолдауымен бой көтерген «Ақтай» жабық манежі мен иппотерапия орталығында жүргізілген сапалы дайындық деуге болады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды атқа отырғызу арқылы емдейтін кешендегі кешенді шаралардың нәтижесі өткен жылы да көрінген. Өскеменде былтыр тамыз айында мүмкіндігі шектеулі жандарды ат спортына бейімдеуден халықаралық жарыс өтіп, оған Қазақстаннан – 14, Ресейден 18 спортшы қатысқан болатын.
2013 жылдан бері иппотерапия орталығы бюджеттік негізде қаржыландырылып келеді. Осы арқылы 112 мүмкіндігі шектеулі бала атқа мініп, иппотерапиялық ем-дом алуда. Аталған жұмыстарға жүргізілген сараптамалардың нәтижесі бойынша, иппотерапияның науқастарға физикалық тұрғыдан қимыл-қозғалысын жақсартуға, сондай-ақ, көңіл-күйін көтеруге ерекше ықпал ететіні байқалған.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54
Алматыда көлік саудасы пышақтаумен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 09:17
Әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі: Кәсіпкер ауылға спорт нысанын сыйлады
Қоғам • Бүгін, 09:11
Ескек есу: Біздің жігіттер халықаралық жарыста алтын мен күміс иеленді
Спорт • Бүгін, 08:43
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:13