Фото: senate.parlam.kz
Платформаны пайдаланушылардың көбейіп бара жатқанын және оның ішінде жасөспірімдердің көптігін айтқан депутат аталған платформа мазмұнының теріс әсеріне алаңдаушылық білдіріп, мәселе көтерді.
Сенатордың айтуынша, кейбір пайдаланушылар TikTok-ты жақсы мақсатта пайдаланып жатса да, бұл шөлге тамған тамшыдай. Білім деңгейін арттыру, тарихты зерделеу, т.б. дәйекті тақырыптарға қызығушылық танытатындар өте аз.
Депутаттың пікірінше, балалардың психикасы мен жалпы денсаулығына теріс әсер ететін, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен деректердің құпиялылығына қауіп төндіретін бейнекөріністер платформада кеңінен таралып жатыр. Франция, Канада, Қырғызстан сияқты көптеген елдер TikTok-ты пайдалануды шектеу жөнінде шаралар қабылдаған.
Геннадий Шиповских балаларды қорғау және ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатында бірқатар ұсыныс тастады.
«TikTok платформасы экстремизмді, радикализмді, сепаратизмді, шектен тыс қауіпті және моральдық құндылықтарға қайшы контенттерді анықтау және шектеу бойынша нақты алгоритмді ұсынуы керек. Сондай-ақ TikTok платформасы жас балаларды онлайн қауіпті контенттен қорғау мақсатында YouTube Kids секілді балаларға арналған арнайы желі ұсынуы тиіс. 13 жасқа толмаған балалардың TikTok-қа ата-анасының телефонынан кірген жағдайда FaceID технологиясы арқылы бұғаттау механизмін қарастыру керек. Олай болмаған жағдайда елімізде TikTok платформасын бұғаттауды сұраймыз. Бұл мәселелердің шешімін табу ел азаматтарының денсаулығын және моральдық құндылықтарын сақтап қалуға, сондай-ақ жастар арасында таралып жатқан қауіпті әдеттерді азайтуға бағытталған қадам болмақ», деді сенатор Геннадий Шиповских.