АСТАНА. 28 сәуір. Қазақстанда бірқатар мектептерге Кеңес Одағының Батырлары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №360
2015 жылғы 27 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына Кеңес Одағының Батырлары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін беру және оларды қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
- Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарына Кеңес Одағының Батырлары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері берілсін. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдары қайта аталсын.
- Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 360 қаулысына 1-қосымша
Кеңес Одағы Батырларының және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері берілетін білім беру ұйымдарының тізбесі
Қостанай облысы бойынша
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 5 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне - Бауыржан Момышұлының есімі;
«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 9 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне - Естай Есжановтың есімі;
Қызылорда облысы бойынша
«Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 250 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне - Тәйімбет Көмекбаевтың есімі;
Павлодар облысы бойынша
«Павлодар қаласының № 22 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесіне - Бауыржан Момышұлының есімі;
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
«Арыс қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№1 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне - Ережепбай Молдабаевтың есімі;
«Түлкібас ауданының әкімдігі білім бөлімінің «Абайыл стансасының №21 шағын жинақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне - Нұрлыбай Қасымбековтің есімі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №360 қаулысына 2-қосымша
Қайта аталатын білім беру ұйымдарының тізбесі
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Шұбарсу жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
«Отырар ауданы білім бөлімінің «Шілік» шағын жинақты жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
«Отырар ауданы білім бөлімінің «Қоғам жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
«Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Кемербастау» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Сабыр Рахымов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
Павлодар облысы бойынша
«Ақсу қаласы Пограничный ауылдық округінің орта мектебі» мемлекеттік мекемесі - «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесіне;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Тарбағатай ауданы «В.П.Чкалов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Қасым Қайсенов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне;
Үржар ауданы «М. Горький атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне.