Оқиға • 04 Қазан, 2024

Жоғалған баланы 400-ден аса адам 4 сағат бойы іздеген

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Қарағанды облысында болған, деп жазады Egemen.kz.

Жоғалған баланы 400-ден аса адам 4 сағат бойы іздеген

Куәгердің фотолары

28 жастағы анасы полицияға баланың үй ауласынан жоғалып кеткені туралы 3 қазанда кешкі уақытта хабарлаған. Петровка ауылының 5 жасар тұрғыны Бұқар Жырау аудандық Полиция басқармасының бүкіл ұжымын, ТЖД қызметкерлерін, ауылдастарын аяқтан тік тұрғызған. Баланы төрт сағат бойы 400-ден аса адам иттерімен іздеген.

фото

Топтарға бөлінген іздеушілердің жұмысы қараңғы түсіп кеткеннен кейін қиындаған, олар түрлі нұсқаларды пысықтап, баланы барлық жерден іздеген. 4 сағаттан кейін жоғалған бала туған ауылынан 1 шақырым қашықтықта даладан табылған.

фото

«Іздеу жұмыстарына барлығы 400-ден аса адам қатысты. Баланы Петровка ауылынан бір шақырым жерде ауыл тұрғындары мен полиция қызметкерлері тапты. Бұқар Жырау аудандық полиция басқармасының басшылығы іздеуге қатысқан барлық жанашыр азаматқа жедел көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.