Таным • 05 Қазан, 2024

Сіз білесіз бе? Риясыз ұстаз Рафиқа

54 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ол шын мәнінде ұстаздардың ұстазы болды» дейді Рафиқа Бекен­қызын танитындардың бәрі. Бұлай деп айтуға себеп те жоқ емес.

Сіз білесіз бе? Риясыз ұстаз Рафиқа

60 жылға жуық өмірін оқыту ісі­не арнаған ұстаздың ондаған мың шә­кірті бар. Ол – 350-ден аса ғылыми, оқу-әдіс­те­ме­лік еңбектің авторы. Оның ішін­дегі 15 кітап пен оқулық орта мектепке арналған. Алматының қақ ортасында бірден-бір №12 қазақ мектебінде де қыз­мет етті. Реформатор-ұстаз – отан­дық педагогиканың негізін салушы, Социа­листік Еңбек Ері, Республиканың еңбек сіңір­ген мұғалімі. Артына өшпес із қал­дырған білікті педагогтің еңбегі ұшан-теңіз.


Жарты ғасыр бұрын қашықтан оқытқан

рп


Сұм соғыс Құмаш Нұрғалиевтің екі аяғы мен бір қолын жұлып алса да, өмірге деген құштарлығына сызат түсіре алған жоқ. Ол «Біз балаларды бақыт үшін өсіреміз!» деген ұранмен өмір сүрді, еңбек етті.

Сонау 70-жылдардың өзінде-ақ Шы­ғыс Қазақстанның түкпіріндегі Боран ауы­лы­ның мектебін толық компьютерленді­ріп, спутниктік жүйеде «қашықтан оқы­ту» идеясын жүзеге асырды. Осы мектепті ­31 жыл бойы басқарып, оқу ошағын ауыл­дың мәдени орталығына да айналдыр­ды. «ҚазКСР Халыққа білім беру ісінің үздігі» атағына да ие болды. Ал оқу-тәрбие үдері­сін технологияландырудың екінші кезеңі­не өту мақсатында осы телевизия-техника орталығын құрды. Осылай­ша, барлық пәнге қажетті дидактикалық материалдарды, 40 мектеп кабинетін телеэкраннан көрсетті.

 

Қиын мектептің қажырлы директоры

ва


Архимед Ысқақтың оқушыларға үй­рететін басты ақылы – «біреу өзіңе қастандық жасағанын қала­ма­саң, өз-геге де соны істеме». Дәл осы ұс­таныммен ол шартты түрде сот­­та­лып шыққан, мінезі қиын жас­­өспірімдерге арналған экспери­мент­тік мектепті басқарды.


35 жасында директор болған ол сот­талған жасөспірімдерге арнап алғаш ақы­лы мектеп ашты. Ал сол мектепте басты сабақ – еңбек еді. «Біздің мектепте 1988–1993 жылдар аралығында оқыған 1500 бала­ның 1200-і шартты түрде сот­талғандар болатын. Міне, сол мың екі жүздің екеуі ғана қайтадан түрмеге түсті», дейді ар-дақ­ты ұстаз. Қазір Архимедтің мекте­бін­де кәдімгі балалар оқиды. Бұл да жақсы­лық шығар.