28 Сәуір, 2015

Жамбылдықтар Елбасы жеңісін ерекше қуанышпен атап өтті

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
_MGL1781ТАРАЗ. 27 сәуір. Мемлекет басшысының президенттік сайлаудағы айқын жеңісі Тараз қаласында да айрықша қуанышпен атап өтілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тараз қаласының «Достық» алаңында өткен жеңімпаздар форумында Әулиеата халқы өзінің Президентіне деген қолдауы мен сенімін білдірді. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлігіміз бен ынтымағымыздың жарастығын көрсетті. «Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 24 жылында елімізді зор жетістікке жеткізді. Жаңа экономика. Біртұтас қоғам. Қуатты мемлекет. Міне, бұлар – біздің осы жылдардағы толайым табыстарымыз. Енді алдымызда Елбасымен бірге – жаңа жетістіктер тұр! Ұлы мақсаттар, ұлы бастамалардың арқасында ертеңгі күнімізге сенімді қадамдар жасаймыз! Тарих таңдауын шынайы істерімізбен ақтаймыз», – деді жиында сөз алған Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев. Расымен бұл жеңіс – көп ұлтты халқымыздың Елбасына деген ыстық ықыласы, шексіз құрметінің көрінісі. Алаңға жиналған жастар бұл күні ән салып, би билеп, Президенттің ерен жеңісі – Қазақстанның кезекті биік белесі екенін мақтанышбен жеткізе білді. Оралхан Дәуіт. Дерек: egemen.kz. Сурет: Алтынбек Қартабай. _MGL1774