Қылмыс • 05 Қазан, 2024

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Алматы әуежайында қолға түсті

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының халықаралық әуежайында Интерполдың сұрауымен Моңғолия азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Алматы әуежайында қолға түсті

Ол ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, құжаттарды қолдан жасағаны және салық, кедендік төлемдер мен алымдарды төлемеу мақсатында контрабандаға барғаны үшін Польшаның құқық қорғау органдарымен іздеуге жарияланған.

Қылмыстық топтың құрамында болған және жалған моңғол дипломатиялық құжаттарын қолданған ер адам Польшаға 1,7 млн бумадан астам темекіні заңсыз тасымалдаған. Кедендік алымдардан жалтарған.

Осылайша бұл мемлекетке шамамен 50 000 АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген. Ұсталған адам қамауға алынды.