Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары өз таңдауын жасады

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімі әскери қызметшілері АЭС құрлысы бойынша референдумға белсенді қатысты.

Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары өз таңдауын жасады

Фото: ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

Ұлан сарбаздары ертемен жауынгерлік қызметке аттанатын болғандықтан, №479 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 06:00-де ашылды. Дауыс беру орнына алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшы генерал-майор Бекайдар Қазкеев және 5517 әскери бөлім командирі подполковник Өміржан Сахатов келіп дауыс берді.

Ол

«Әскери бөлім аумағында орналасқан №479 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 06:00-да өз жұмысын бастап кетті. Мұндағы дауыс беру тәртібі барлық талапқа сай өтіп жатыр. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік маңызды мәселеге қатысты мен де өз даусымды беріп, еліміздің болашағы үшін таңдау жасадым», деді подполковник Өміржан Сахатов.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша 4 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 06.00-ден бастап жұмыс істеп тұр. Ол учаскелерде мерзімдік әскери қызметшілермен қатар офицерлер мен сержанттар да дауыс бере алады.

Мр