28 Сәуір, 2015

Жәнібек Әлімханұлы CNN телеарнасының бағдарламасына түсті (фото)

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-04-2015-zhanibek 01АСТАНА. 28 сәуір. АҚШ-тың атақты CNN телеарнасының түсіру тобы 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуден үмітті Алматы қаласы туралы арнайы бағдарлама дайындау үшін Қазақстанға келді. Шетелдік телеарнаның түсіру жұмыстарына бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (75 кг.) кейіпкер ретінде арнайы қатысты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты kfb.kz хабарлады. Түсіру кезінде Жәнібек Қазақстанның бокс мектебі мен қазақ спорты туралы айтты. Сондай-ақ, ол Алматының барлық талаптарға сай екенін назарға алып, 2022 жылғы Олимпиялық ойындардың қазақ жерінде өтетінінен үмітті екенін жеткізді. Сонымен қатар, америкалықтар Жәнібектің бокстағы жетістіктері мен оның шеберлігіне қызығушылық білдірлі. «Қазақстан – көптеген Олимпиада және әлем чемпиондарын тәрбиелеп шығарған, спортта өзіндік үлесі бар мемлекет. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен елімізде халықтың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Мен өз тарапымнан биыл өтетін Катардағы әлем чемпионаты мен келесі жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанатын Олимпиадада жанкүйерлер сенімін ақтау үшін тер төгемін», – деді қазақ боксшысы. Айта кетейік, 2022 жылғы Ойындарды өткізуден Алматыдан бөлек, Қытай астанасы – Бейжің қаласының да үміткер екені белгілі. Аталған Олимпиаданың астанасы осы жылдың 15 шілдесінде Малайзияда анықталады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: kfb.kz. 28-04-2015-zhanibek 02 28-04-2015-zhanibek 03