28 Қаңтар, 2015

Қостанайлықтар жазушыдан қалған жәдігерлерді тамашалады

308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
fullimage2ҚОСТАНАЙ. 28 қаңтар. Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап кітапханасында Ілияс Есенберлинің туғанына 100 жыл толуына арналған «Елінің ертеңі үшін еңбек еткен Есенберлин» атты еске алу кеші өтті. Онда жиналған жұртшылық Есенберлиннің Атбасардағы музейінен әкелген, жазушының көзіндей көрінетін ол тұтынған заттарды тамашалады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығын 2015 жылы ЮНЕСКО аясында атап өту туралы шешім қабылданған болатын. Бұл есім қазақ әдебиеті мен мәдениеті алыптарының қатарынан ойып орын алады. Оның шығармалары еліміздің ұлттық игілік болып табылады. І.Есенберлин жиырмасыншы жүзжылдықта ел басына түскен қаралы күндердің тарихи шындығын келер ұрпаққа жеткізе білген қазақ халқының кемеңгер перзенттерінің бірі. Кітапханадағы бұл шара І.Есенберлиннің шығармаларын ел ішінде кеңінен насихаттау, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында жұртшылық біле түссін деген мақсатпен ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкері Эльвира Сапабекова: «Жазушының шығармалары жас ұрпақты отансүйгіштікке, елдің тарихын құрметтей білуге тәрбиелейді. Оның тарихы романдары қазақ тарихы жөнінде өте мол мағлұматтар береді. Ол осынысымен де қымбат», деді. Кешке І.Есенберлиннің Атбасар қаласындағы әдеби-мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері Үмітжан Бекенова, музейдің қор сақтаушысы Құралай Жақыпова жазушының тұтынған заттарын, құнды жәдігерлерді көрсетті. Кешке Қостанай қаласындағы жоғары оқу орындарының, орта мектептердің оқытушылары, студенттер, жалпы жұртшылық өкілдері, кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш соңында қонақтарға «Көшпенділер» көркем фильмі көрсетілді. Шараға арналып ұйымдастырылған кітап көрмесіне Ілияс Есенберлин мұражайынан әкелінген экспонаттар қойылды. Кеш барысында жиналғандардың назарына электронды көрсетілімдер ұсынылды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. fullimage1fullimage6fullimage5