Аймақтар • 06 Қазан, 2024

Аға буын белсенділігімен де үлгілі

79 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жас ұрпаққа айтары көп, өмірі өнегелі аға буын бүгінгі референдумда белсінділік танытып, үлгі көрсетіп жатыр. Мысалы, Қазығұрт аудандық «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының мүшелері, ауданның ақ жаулықты әжелері референдумда алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.

Аға буын белсенділігімен де үлгілі

«Әжелер алқасы» ұйымының мүшесі, Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы» Қатира Бекмұратова ауылдастарын ел болашағы үшін маңызы жоғары референдумда таңдау жасауға шақырды.

Ту

Жалпы Түркістан облысында 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. Орталық референдум комиссиясынан 13 республикалық қоғамдық бірлестік, облыстық аумақтық референдум комиссиясынан 32 қоғамдық бірлестік аккредитациядан өткен. Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан, сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп жатыр. Дауыс беруге алғашқы келгендерге арнайы сыйлықтар табыс етіліп жатыр. Облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Көлік демекші, барлық аудандарда «инватакси», әлеуметтік таксилер қажетті жағдайда көмек көрсетуге дайын.

Мысалы, Мақтаарал ауданында мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау үшін 61 сайлау учаскелері арнайы кабиналармен, тактилдік көрсеткіштермен, арнайы бұрыштармен, мониторлы компьютермен, ұлғайтқыштармен, тұтқалармен және пандустармен толық жабдықталған. Сонымен бірге 11 сурдо-тифло аудармашы, 3 инватакси тасымалдау қызметімен, 4 әлеуметтік таксилерімен қамтамасыз етілген. Аудандағы мүгедектігі бар, көзі көрмейтін зағип азаматтар үшін барлық референдум учаскесіне бағыттаушы тактилді жолақ орнатылған. Сондай-ақ интерактивті қолжетімді картасына мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы жерлер көрсетілген ақпараттары бар электронды картаға референдум учаскесі толық енгізілген.

То

 

Түркістан облысы