АҚТӨБЕ. 28 қаңтар. Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалық етуімен өткен кадр комиссиясының отырысында «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне үміткерлермен әңгімелесу болып өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Президент жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия өткен жылдың желтоқсан айында «А» корпусы кадр резервіне іріктеу жариялаған болатын. Соған сәйкес Ақтөбе облысынан 20 үміткер құжаттарын тапсырған-ды. Биылғы қаңтар айының орта тұсында Астанада өткізілген тестілеудің нәтижесінде он үміткер сынақтың шекті мәнінен жоғары нәтиже көрсетті. Облыстық кадр комиссиясының отырысында он үміткерге үш блок бойынша алдын ала дайындалған сұрақтар ұсынылып, әңгімелесу өткізілді. Комиссия мүшелері үміткер, оның қазіргі қызметіндегі лауазымдық міндеттерінің сипаты, негізгі жетістіктері жөнінде ақпарат алып қана қоймай, қоғамдық қызметке қатысуын, сондай-ақ мемлекеттік қоғамдық-саяси құрылымды білу, даму стратегиясын байыптау деңгейін анықтады. Сонымен бірге, үміткерлердің «А» корпусының кадр резервіне кіру себептері мен ұғынуы, мемлекеттік қызметтің қоғам, мемлекет үшін маңыздылығын түсінуі, мемлекеттік қызметкерге қойылатын талаптар, талаптанушының этика мен құндылықтар бағдары, олардың ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілет-қарымдары, мінез-құлқы сарапқа салынды.
Комиссия отырысына Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков қатысты.
Кадр комиссиясының жұмысын қорытындылай келе Архимед Мұхамбетов үміткерлерге алға қойған мақсаттарына жетуге тілек білдірді.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: aktobe.gov.kz.

Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54
Алматыда көлік саудасы пышақтаумен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 09:17
Әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі: Кәсіпкер ауылға спорт нысанын сыйлады
Қоғам • Бүгін, 09:11
Ескек есу: Біздің жігіттер халықаралық жарыста алтын мен күміс иеленді
Спорт • Бүгін, 08:43
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:13