Спорт • 07 Қазан, 2024

Дзюдодан әлем чемпионаты: Екі спортшы қола жүлде иеленді

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Дзюдодан әлем чемпионаты: Екі спортшы қола жүлде иеленді

Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан командасы аталған турнирде екі жүлдеге қол жеткізген. 

Атап айтқанда, қазақстандық спортшы Талғат Орынбасар (60 келіге дейінгі салмақта) мен Азат Күмісбай (81 келіге дейінгі салмақта) қола жүлдегер атанды. 

Жалпы есепте отандық құрама 15-орынға табан тіреді. Бірінші орынды 6 алтын, 5 күміс және 1 қола алған Жапония құрамасы иеленді.