Төтенше жағдай • 07 Қазан, 2024

Қарқаралыда құрғақ шөп өртеніп, 1 адам көз жұмды

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында құрғақ шөп өртеніп, 1 адам жан тапсырды. Тілсіз жаумен алысқан тағы 4 өрт сөндіруші зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарқаралыда құрғақ шөп өртеніп, 1 адам көз жұмды

Фото: ult.kz

Көрші Павлодар облысы аумағына дейін өткен қызыл жалыннан 3 мың гектардан аса жер күйіп кетті. Шұғыл түрде жедел штаб құрылып, құтқарушылар тобына қосымша күш жұмылдырылды.

Өртті сөндіруге Қарағанды мен Павлодардан 183 адам, 56 арнайы техника және 4 тікұшақ жіберілді.