АТЫРАУ. 28 қаңтар. Атыраудағы «Теңіз» кенішінде ауырған жұмысшылардың диагнозы белгілі болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 26 қаңтарда Жылыой аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасына «Теңізшевройл» компаниясының «Теңіз» вахталық қалашығындағы клиникасынан «Имстальком» серіктестігінің 2 қызметкері арасында «менингококкты жұқпа, менингококцемия» диагнозына күдікті жағдайлар туралы жедел хабарламалар келіп түскен. Науқастың бірі көз жұмды. Осыған байланысты құрамында облыстық инфекционист-дәрігер, эпидемиолог-дәрігер, вирусология және бактериология зертханасының меңгерушілері бар бригада құрылып, «Теңіз» вахталық қалашығына іссапарға жіберілген еді.
«Эпидемиологиялық тексеру кезінде қайтыс болған адамда аурудың клиникалық белгілері (бастың ауруы, тамағының ауырсынуы, дене қызуының 37,7 градусқа дейін жоғарылауы) 21 қаңтарда басталғаны анықталды. Науқас медициналық көмекке жүгінбеген, өз бетінше емделіп, парацетомол, тағы басқа дәрілер қабылдаған. Дәрігерлік көмекке жүгінген кезде науқаста жүрек жұмысының әлсіреуі, өкпенің ісінуі белгілері болып, ауыр халде болған. Екінші науқаста ауру белгілері 23 қаңтарда басталған. Жағдайы орташа ауыр, тұрақты, қазіргі кезде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдауда. Аурулармен тығыз қарым-қатынаста болған 3 қызметкер «Теңізшевройл» серіктестігінің клиникасына оқшауланып, антибиотиктермен профилактикалық ем алуда. Диагноздары клиникалық дәлелденген, лабораториялық зерттеу жұқпалы аурулар ауруханасы зертханасында жалғасуда» деп хабарлады Атырау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уайсов.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: aikyn.kz.

Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54
Алматыда көлік саудасы пышақтаумен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 09:17
Әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі: Кәсіпкер ауылға спорт нысанын сыйлады
Қоғам • Бүгін, 09:11
Ескек есу: Біздің жігіттер халықаралық жарыста алтын мен күміс иеленді
Спорт • Бүгін, 08:43
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:13