Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024

Ардагердің ақ ниеті

22 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында тіркелген 1 аумақтық, 128 учаскелік референдум комиссиясында таңдау жасауға асыққан, болашаққа бейжай қарамайтын тұрғындардың қарасы қалың болды. Әсіресе қала орталығында тұратындар дауыс беруге белсенді қатысты.

Ардагердің ақ ниеті

Семей қалалық мәдениет са­райын­дағы №84 учас­келік референдум комиссия­сының төрағасы Айнұр Мұрат­қанның айтуынша, аталған аумақта 1 мыңнан аса адам дауыс берген.

– Біздің учаскеде алғаш рет 50 жас азамат дауыс берді. Оларға референдум комиссиясы мүшелері естелік сыйлық табыс етті. Сонымен қатар учаскеде тіркелген дауыс беру­ші­лердің ішінде 52 сайлаушы өзде­рінің үй-жайларында таңдауын жасады, – дейді А.Мұратханқызы.

Қоғамдық көліктер тұрғындар мен меймандарды тегін тасымал­дады. Учаскелерде мүмкін­дігі шектеулі адамдарға арнайы тактильді көрсеткіштер, пандус­тар орнатылған. Учаскелерде ондай азамат­тарға арналған кабиналар саны 110-ды құрап, 6 сурдоаудармашы мен 16 инвотакси көмек қолын созды.

Облыс орталығының шетіндегі Восход кентінің тұрғындары №108 учаскеде дауыс берді.

«Кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет референдумға қатысқандар – 4 адам. Ал таңғы 9.00-ден бастап учаскедегі референдум комиссиясының мүшелері үй-үйді аралап, ақ жаулықты аналар мен ақсақалдардың жалпы­ұлт­тық науқаннан шет қал­мауына жағдай жасады», дейді референдум комиссиясының төрағасы Жанна Даукенқызы.

Қырық жылдан аса ауыл шар­уа­шылығы саласында аянбай ең­бек еткен 80 жастағы Мейрамхан Шынаров ақсақал комиссия мүше­ле­рін ықыласпен қарсы алыпты. Зайыбымен бірге өз шаңы­ра­ғынан дауыс беруге өтініш біл­дір­ген олар елдегі өзгерісті, әділеттілікті қолдайтынын жеткізді.

 

Абай облысы