Фото: Астана әкімдігі
Жарыста жаcөспірімдер арасында классикалық турнирде өнер көрсеткен 11 жасар Нұрғиса Қуанышұлы қола жүлдегер атанды.
«Шахматтан әлем чемпионаты әйелдер және жасөспірімдер арасында өтті. Жарысқа елімізден 3 спортшы қатысты. Жасөспірімдер арасында Нұрғиса әлемдік додаға алғаш рет қатысып, 9 турдың қорытындысы бойынша 6 ұпай жинап қола медальді иеленді. Биыл шілде айында Арменияда ересектер арасында өткен әлем чемпионатында да ұлттық құрама спортшылары алтын мен күміс медаль еншілеген еді», деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының шахматтан аға жаттықтырушысы Зинятқыз Нүсіпбаева.
Айта кетейік, Нұрғиса Қазақстан бойынша көру мүшесі зақымданған жастар арасындағы әлем чемпионаттарының алғашқы жүлдегері атанды.