Фото: ТЖМ
Өртті сөндіру жұмыстарына Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдарынан 386 адам, 64 техника, Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрлігінің әуе кемелері жұмылдырылған. Күш 4 жауынгерлік учаскеге бөлінген.
Оған қоса Ұлттық ұлан, Кувский орманшылығы, Ақмола облысының құтқарушылары мен әскери бөлімдер қол ұшын созған.
«Екпінді жел, таулы жер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып жатыр. Жалынмен күреске Қарағанды облысының департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштерінен құралған 386 адам, 64 техника, әуе кемелер жұмылдырылды», деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Роллан Есмағанбетов.