Фото: Ашық дереккөз
Үкімет жылу желілерінің тозу көрсеткішін азайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, өткен жылдан бастап Қазақстанда «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Осының есебінен жылу және энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлемі 2023 жылы тарихтағы ең ірі көлемге – 227 млрд теңгеге жеткен. Ал, биыл рекордтық 327 млрд теңгеге дейін өскен.
2020-2022 жылдары аталған жұмысты қаржыландыру көлемі жылына орта есеппен 90 млрд теңгеден аспаған.
«2019 жылы барлық жылу желілерінің тозуы еліміз бойынша орташа есеппен 61%-ды құрады, жыл соңына дейін біз бұл көрсеткішті 52%-ға дейін жеткіземіз», деп атап өтті Роман Скляр.