Оқиға • 08 Қазан, 2024

Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылы қаңтарда өмірден өткен композитор Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болған. Бұл туралы журналист Ләйлә Сұлтанқызы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

«Жаңа ғана суыт хабар естідім. Көңілім құлазып отыр. Қазақ «аталатсаң да, боталатпа» дейді ғой. Қазір Арманның жесірі, келіншегіне өте ауыр, қиын. Үлкен ұлы қайтыс болды дегенді естідім, отбасына қайғырып көңіл айтамын», деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Ал, әнші Мақпал Жүнісова сазгердің ұлын біреулер қастандықпен өлтірді деген суық хабар естідім деп жазған әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын», деп жазды Мақпал Жүнісова.