Қазақстан • 08 Қазан, 2024

Аптасына 778 халықаралық рейс: Қазақстаннан әлемнің 32 еліне ұшуға болады

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халықаралық рейстер географиясын айтарлықтай кеңейтуде, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аптасына 778 халықаралық рейс: Қазақстаннан әлемнің 32 еліне ұшуға болады

фото Көлік министрлігі

Бүгінгі таңда Қазақстанның әлемнің 32 елімен тікелей әуе қатынасы, 132 халықаралық әуе бағыты бар. Қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары аптасына 778 халықаралық рейс орындайды.

ҚР Көлік министрлігі шет мемлекеттердің авиациялық билік органдарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша үнемі келіссөздер жүргізуде. Бұл қолжетімді бағыттардың санын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Биылғы жылы Алматыдан Мумбай, Бейжің, Куала-Лумпур, Иркутск, Эль-Алаймен, сондай-ақ Ақтөбе – Шарм-эль-Шейх қалаларына жаңа әуе бағыттары ашылды. Оңтүстік-шығыс Азиядағы ең ірі лоукостердің бірі - Малайзиялық «Air Asia X» әуе компаниясы Астанадан Душанбе, Прага, Сеул, Ақтау - Минеральные воды қалаларына тұрақты рейстерді қалпына келтірді, ал қытайлық «China Southern Airlines» әуе компаниясы Алматы-Үрімші бағыты бойынша рейстер санын көбейтті.

 

Соңғы жаңалықтар

Жасанды студент

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:55

Қайта оралған бөлтірік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:50

Кедейлік «жасарып» барады

Қоғам • Бүгін, 09:45