АҚТАУ. 28 сәуір. Маңғыстауда ардагерлерге берілетін мерекелік азық-түлік кәрзеңкесіне виски мен аққайнар да қосылған. Бұл туралы lada.kz порталына сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған порталға бұл мәселемен жергілікті кәсіпкерлердің бірі шағымданған. Маңғыстау облысының әкімдігі Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған азық-түлік кәрзеңкесін жасақтауға кәсіпкерлердің көмек көрсетуін өтінген. Тізімде – жеміс-жидек, шай, шырын, печенье, шығыс тәттілерімен бірге арақ, шарап, сондай-ақ, Chivas вискиі мен Asti Martini аққайнары да бар.
Осы мәселеге орай мемлекеттің әлеуметтік қолдауы аясында ардагерлерге жыл бойы барлық көмек көрсетіліп жатқанын айтқан Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ержан Күмісқалиев: «Жеңістің 70 жылдығына ардагерлерге сыйлық жасағымыз келді. Жеңіс күнінде ардагерлердің үйлеріне таныстары мен туыстары келеді. Фронттық жүз граммға ешкім тыйым салған жоқ. Сондықтан біз ардагерлерде бұл күні бәрі өте жақсы болғанын қаладық», – деп түсінік бере отырып, ол тізімнің ұсыныстық сипатқа ие екенін атап өткен.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: lada.kz.
Сурет: forum.gorod.dp.ua.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше