Байқау • 09 Қазан, 2024

Астаналық «Атом данышпаны»

89 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Осы айдың бірінші күні Spectrum халықаралық мектебінде «Атом данышпаны» зияткерлік ойынының қорытындысы бо­йынша елорданың үздік жас физигі анықталды. Оған сала ­мамандары мен тиісті ведомство өкілдері де қатысты.

Астаналық «Атом данышпаны»

«Қазақстандық атом электр стансалары» ЖШС жоғары сынып оқушылары арасында қызықты ғылы­ми ойын ұйымдастыр­ды. Ондағы мақсат ғылым­ның бо­лашағы зор саласы – ядро­лық фи­зика мен атом энергетикасы туралы жас­тар­ды хабардар ету. Сондай-ақ ғылым мен білім, техника мен заманауи технология­ға деген қызығушылықты артты­ру мақсатымен «XXI ғасыр көшбасшысы» телешоуы форматымен «Атом данышпа­ны» интеллектуалды ойынын ұсын­ды. «Жүйріктен жүйрік озар жа­рысқанда» демекші, осы бағытта сынға түсіп іріктелген елорда­ның ең зерделі 6 оқушысы өз білі­мін сарапқа салды.

«Атом данышпаны» интел­лек­туалды ойынының сәт­ті өт­ке­ніне қуаныштымыз. Қа­ты­су­шылардың дайындық деңгейі таң­ғалдырады. Бұл жастар арасында атом энергетикасына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартса керек. Бұған қарап, саланың болашағы сенім­ді қолда екеніне көз жеткіздік», деді қазылар алқа­сының мүшесі, «Қазақстан атом электр стансалары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин.

Энергетика министрлігі «Атом энергетикасы және өнеркәсіп» департаментінің директоры Ғұ­мар Серғазиннің айтуынша, мұн­дай іс-шара өскелең ұрпақ­тың ғылымға деген қызығушылы­ғын арттырып, осы саланың  дамуы­на зор септігін тигізеді. Сондық­тан бұл интеллектуалды ойынды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлаған. 

«Өрені өсіріп, ой-өрісіңді ке­ңейтетін интеллектуалды ойын­ға қатысу маған үлкен тәжірибе болды. Мен бүгін ядролық энергия тек радиацияға ғана емес, еліміздің жалпы болашақ дамуына да тікелей қатысы бар еке­ніне көз жеткіздім. Бұл мені осы саланы тереңірек зерттеуге ша­быттандырды», деді ойынға қа­тысушы Жанель Науфилова.

Іс-шара соңында қаты­су­шылар ойын серіктесі «Қаз­атомөнер­кәсіп» ҰАК» АҚ бағалы сыйлық­тарымен марапатталды. Бас жүл­дені «Зер­де» мектебінің 9-сынып оқушысы Белқожа Аспет жеңіп алып, «Атом данышпаны» атанды. Жас атом данышпаны­на «Ядролық физика институты» РМК тарапынан Астана филиалында ғылы­ми тағылымдамадан өтуге арнайы жолдама берілді. Одан бөлек, барлық қатысушылар Курча­тов қаласындағы «Ұлттық ядролық орталыққа» барып инженерлер жұмысымен танысады.

Білім бәйгесінің бас жүлдегері физика ғылымына, оның құдірет­ті тармағының бірі – атом энергетикасына ден қойғанына бір­неше жыл өткенін айтты. «Болашақтың сенімді энергия көзі, сарқылмас қуат күші – атом энергетикасы. Елімізде уран қоры мол. Соны біліктілікпен ең биік деңгейіне дейін игеріп, халық қажетіне тиімді жаратуды білуіміз керек», деді жас физиктердің ең білгірі.

«ҚАЭС» ЖШС елде АЭС салу бойынша жұмысты ұйым­дастыру мен оны жобалау ал­дындағы, сондай-ақ жоба­лау құ­­жаттамасын әзірлеуді қам­та­масыз ету мақсатында құ­рылған. Бұ­лармен бірге,  атом өнеркәсібі мен атом энергетикасы нысандары архитектурасын дамыту, оларға инженерлік зерттеулерді әзір­леу, салада техникалық кеңес беру, атом энергиясын бейбіт мақ­­сатта пайдаланудағы ғылы­ми тұжырымдар мен тәжіри­бе­лік әзірлемелер дайындайды.