Энергетика • 09 Қазан, 2024

АЭС салуға іргелі өзгеріс қажет

107 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Адам іс-әрекеті нәтижесінде парниктік газдың шығарылуы климатты нашарлатып, ауаны ластайды. Сондықтан әр ел электр энергиясын өндіру мәселесін қоршаған ортаға зиянсыз технологияға көшіруге тырысады.

АЭС салуға іргелі өзгеріс қажет

Табиғи уран өндіруде әлем­дік өндірістің 50%-дан астамын өн­діретін елміз. Біздегі кен орын­дарының бірегейлігі – оны ұңғы­мада жерасты шаймалау (ЖАШ) әдісімен игеруге мүм­кіндік бар. МАГАТЭ классификациясына сүйенсек, біздегі уран кен орын­дарының көпшілігі рулон типті құмтас кен орны санатында.

«Елдегі энергия өндірісінің шамамен 70%-ы көмірге негіз­делген электр стансаларынан алына­ды. Бұл еліміздің энерге­тикалық жүйе­сі көмірге тәуелді екенін көрсе­теді. Ал гидроэнергетика үле­сі шамамен 10%-ды құрайды. Мұ­най мен газ өндіру де маңызды, бірақ оның көп бөлігін экспортқа жібереміз. Жаңартылатын энергия көздері де дамып жатыр, алай­да жалпы үлесі әзірге аз. Осы тұр­ғы­дан алғанда, АЭС салу ел­дің энер­гетикалық тәуелсіздігін арт­ты­рып, уран қорын тиімді пай­да­ла­нуға мүмкіндік береді. Бұл жоба ұзақмерзімді эконо­ми­ка­лық пайда әкеліп, экология­лық жағынан таза энергия көзі бола алады. Сонымен қатар АЭС тұрақты энергиямен қамта­ма­сыз етіп, жаңартылатын көз­дер­­ге қосымша ретінде қыз­мет етеді. Технологиялық даму мен ха­лықаралық ынтымақтас­тықты күшейту де маңызды артық­шылықтар қатарында. Алайда қауіпсіздік пен қалдықтарды басқаруға ерекше назар аудару қажет», дейді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Амангелдіқызы.

«Halyk Finance» басқарма төраға­сының кеңесшісі Мұрат Темірхановтың айтуынша, ел экономикасының дамуына кері әсерін тигізіп отырған 4 негізгі проблема бар.

«Елдегі электр энергиясының тап­шы­лығы аймақтарға біркелкі бөлін­бе­ген. Көмір зауыттары мен электр желі­лерінің жоғары тозуына байланыс­ты елде электр қуатымен қамтамасыз ету тиісті деңгейде сенімді емес. Төмен тарифтерге байланысты электр энергетикасы саласындағы бизнес рентабельді емес, бұл ағымдағы жөндеуге, жаңа қуат­тар мен желі­­лерді салуға инвестиция­лар­­ды айтарлықтай қысқартады. Мем­­­лекеттің жеке бизнестің орнына электр энергетикасына инвестицияларды қаржыландыруға қосымша қаражаты жоқ. Өкі­нішке қарай, бұл мәселелер 20 жылға жуық уақыт бойы шеші­мін таппай келеді. Қазір де мем­лекет тарапынан оларды ше­шу­дің нақты реформалық бағдар­ламасы жоқ», дейді.

Электр энергетикасы саласында жеке инвестицияның өте төмен деңгейімен байланыс­ты терең проблема жинақта­лып қалды. Кейінгі 10–15 жылда электр, жылумен жабдықтау сала­сында ағымдағы жабдықтар мен ғимараттарды жөндеуге, жаңар­туға қаражат жетпейтін бол­ды. Бұл ретте  мемлекет қана жаңа генерациялауға, электр беру қуаттарын салуға инвестиция құйып жатыр. Сондықтан салада негізгі қордың өте жоғары тозу деңгейі байқалады. Бұл об­лыс пен республикалық дең­гей­­дегі дағдарысқа әкеліп соқ­тырады.

«Үкіметтің стратегиялық құ­жат­та­рында негізгі сұрақтың жауабы түсініксіз: елде электр энергетикасын дамытуды қалай қаржыландыру керек? Оны екі сұраққа бөлуге болады: Салаға жеке инвестицияны қалай тар­туға болады? Егер жеке инвести­ция келмесе, мемлекеттік бюд­жет тапшылығын ескере оты­рып, электр қуатын өнді­ру қуатын арттыру қалай қаржылан­дыры­лады? 2023–2029 жылға арнал­ған тұжырымдамада электр энер­гетикасын дамытуға қатыс­ты үш маңызды мәселе қарасты­рыл­­маған: Негізгі қордың тозуын азайту мен электр энергиясы тап­шылы­ғын жоюға қанша инвестиция қажет? Бұл инвестицияны кім, (мемлекет, жеке бизнес) қалай қаржыландырады? Жеке инвес­тицияны тарту мен ин­вестиция қайтарымы, рента­бельділігін қам­тамасыз етуге электр энергия­сы тарифін қанша көтеру керек? Құжат осы сұрақ­тарға жауап беруге тиіс еді», деп ойын жалғады М.Темір­ханов.

Сарапшы пайымынша, АЭС салу туралы бастама – дұрыс ше­шім, дегенмен құрылысты бас­­тамас бұрын электр энергетика­сында түбегейлі, қайтымсыз рефор­малар жүргізу қажет.

«Ұлттық ядролық орталық» РМК Ас­тана филиалының директоры Майра Мұқышеваның айтуынша, әлемнің дамыған озық елдері атом энергия­сын бей­біт мақсатта пайдалануды же­дел­д­етіп жатыр. Ұлттық ядро­лық орталық­тың (ҰЯО) негіз­гі құзыреттерінің бірі – атом энер­ге­тикасының қауіп­сіздігіне қатыс­ты тың зерт­теулер жасау. Орта­лық ғалымдары жүр­гіз­ген зерт­теулер нәтижесі ядро­лық техно­логиялардың ірі өндіру­шіле­рінде үлкен сұранысқа ие. Мыс­алы, CORMIT жобасы ая­­сында алынған ғылыми дерек­тер Жа­по­нияда жұмыс істеп тұр­­­­ған АЭС-те белсенді аймақ­тың арнайы балқыту тұзақ­та­рын салу кезінде сәтті іске асы­рыл­ды. Ядро­лық орталық IV буын реак­тор­ларының қауіпсіздігі са­ла­сын­да таяу болашақта атом энер­гети­касының негізіне айналатын сұйық металмен сал­қындатылған жылдам нейтрон­дардағы реак­тор­лар­­дың үлкен көлемін анық­тауда ауқым­­ды жұмыс жүргізіп жатыр.

«Қазір Ядролық физика инс­титутында білікті, тәжірибелі мамандар, инженерлік-техни­калық персоналды йондау­шы сәулелену көздерімен жұ­мыс істеуді ұйымдастыру әдіс­те­­ріне, атом энергиясын пай­далану сала­сын­дағы қол­да­ныс­тағы нор­малар мен қа­ғида­ларға сәй­кес йон­дау­шы сәуле­лену көзде­рімен қауіпсіз жұмыс істеу қағи­да­ларына, радиа­циялық жағдай­дағы жұмыс­тарды ба­қы­лауға оқы­татын Радиа­ция­лық қауіп­сіз­дік жөніндегі оқу орталығы жұ­­мыс істейді. Соны­мен қатар 2016 жы­лы Үкімет бас­тамасымен АҚШ Энер­гети­ка министрлігінің Ядролық қауіп­сіздік жөніндегі ұлттық әкімші­лігі­нің қолдауымен институт базасын­да Ядролық қауіп­­сіздік жөніндегі оқу орталы­ғы ашылған. Бұл орталық МАГАТЭ ядролық физикалық қауіп­­­сіз­­дік саласындағы оқыту және қыз­мет­ке жәр­демдесу ор­та­­лық­та­рының халық­ара­лық же­лі­сіне кіреді», дейді Ядролық фи­зи­ка институтының аға ғылы­ми қызмет­кері, PhD Дмитрий Шлимас.

Мысалы, Ядролық физика инс­ти­тутының Астана фи­лиа­­­лында ядролық жол мембрана­ларын өндіруге бастап­қы материал ретінде пайдаланылатын сәу­лелендірілген полимерлі пленка өн­ді­рісі жолға қойылған. Ол жоғары технологиялық өнім­дерді өндіруге негіз болады. Олар көпфункционалды, тіпті медицина мен нанотехнология саласында да жиі сұранысқа ие. Инс­титут сонымен қатар радио­фармацевтикалық препарат­тардың бірнеше түрін шыға­рып, республикалық емдеу мекеме­леріне жеткізеді.

«Қазақстандық атом электр стансалары» ЖШС жетекші ин­женері Асуан Сиябековтің сөзін­ше, еліміздің бұл салада өте үлкен ғылыми әрі кадрлық әлеуеті бар.

Ұлттық ядролық орталық пен кәсі­би ортада көпке жақсы таныс Ядролық физика институты табысты жұмыс істейді. Оның айналасында ғылыми зертханалар мен зерттеу орталық­тары шоғырланған. Атом сала­сын­дағы мамандарды төрт жетек­ші жоғары оқу орны даярлайды. 2010 жылдан бас­тап «Бо­лашақ» бағдарламасы аясын­да «Атом өнеркәсібі», «Атом ядросы мен бөлшектерінің физикасы», «Техникалық физика» (Атом электр стансалары мен қондыр­ғылары), «Ядролық инженерия» бағытында мамандар даярланды», дейді маман.

Еуразия ұлттық университеті Ядро­лық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының докторанты Нұргүл Сол­танбектің айтуынша, қазір бұл университетте Ядролық физика кафедрасының жұмыс істеп жат­қанына 15 жылдан асты. Онда 600-ге тарта бакалавр, 200-ден астам магистрант, 100-ге тарта докторант даярланған.

«Біздің кафедраның өзгелер­ден ерекшелігі – бакалавр студенттер 4 жыл емес, 5 жыл бойы білім алады. Себебі соңғы курс­та арнайы бағдарлама арқылы Ресейдің Дубна қаласындағы ғылыми орталыққа барып, білі­мін толықтырады. Сөйтіп, біздің бакалаврлар екі жоғары оқу ор­нының дипломын қатар алып шығады. Елімізде ядролық физика саласының қаншалықты маңызды еке­нін, бүкіл әлем ел­дерінде осы сала мамандары үл­кен сұранысқа ие екенін осыдан да көруге болады. Сондықтан әр­бір отандасымыз бейбіт атом – бо­лашақтың сенімді энергия көзі екенін терең түсініп, ұққаны дұ­рыс», дейді докторант.