Фото: instagram.com/erbol_myrzabosynov
Министрдің хабарлауынша, 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді. Ербол Мырзабосынов бұл айтулы оқиға Лос Анджелес олимпиадасының алдында спортшыларымызға үлкен мүмкіндік сыйлайтынын айтты.
«Будапешттегі сапарымда Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен өте маңызды кездесу өткіздім. Бұл кездесудің нәтижесінде елімізде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткіздік. 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу бойынша уағдаластық. Сонымен қатар, Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы келісімге келдік», деп жазды Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Бұл бастамалар арқылы ел спортшылары мен жаттықтырушыларының кәсіби деңгейін көтеру көзделген.