Қоғам • 09 Қазан, 2024

Қазақстанға шетелден алма әкелуге тыйым салынды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тиісті бұйрық осы айдың 8-і, яғни күні кеше ғана күшіне енді, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанға шетелден алма әкелуге тыйым салынды

Фото: azh.kz

Егін жинау маусымында алма шетелден әкелініп, отандық бағбандар өнімдерін өткізе алмай қиналған еді. Енді жиналған өнімді сақтауға және оны қолайлы бағамен сатуға мүмкіндік беріліп отыр. Ал маусымаралық кезеңде алма импорты шектелмейді.

«Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін автомобиль көлігімен үшінші елдерден алма әкелуге тыйым салуды енгізуді мақұлдады», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Шектеу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден алма әкелуге және Қазақстан аумағы арқылы халықаралық алма транзитіне әсер етпейді.