Қоғам • 09 Қазан, 2024

Зейнетақы қоры ел азаматтарына үндеу жолдады

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кейінгі кездері қызметкерлерінің атын жамылып, салымшыларға қоңырау шалып, алдап-соғатын алаяқтар көбейгенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.

Зейнетақы қоры ел азаматтарына үндеу жолдады

Фото: gov.kz

Қор баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар азаматтардың есепшоты мен жеке деректеріне қол жеткізу үшін түрлі тәсілдерді қолдануға көшкен. 

Дәлірек айтқанда, алаяқтар салымшылар мен алушыларға Қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, зейнетақы аударымдары қате жасалғанын айтып, бөлімшеге баруды ұсынады. Ол үшін кезекті электронды түрде броньдауға көмектесемін деп SMS-ке жауап беруді өтінеді. Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар салымшының банктегі шоттары мен жеке деректеріне қол жеткізеді.

«БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды. Сондықтан қырағы болып, бөгде адамдарға ешқандай кодты айтпаңыз, бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз», делінген Қор хабарламасында. 

БЖЗҚ ұсынған жеке ақпаратты қорғау әдістері:

  • Кодтарыңыз бен құпиясөздеріңізді ешкімге, ешқашан айтпаңыз;
  • Ақпаратты ресми арналардан тексеріңіз;
  • Сізге әлдекім БЖЗҚ атынан қоңырау шалса, тұтқаны қойып, тікелей Қорға хабарласыңыз.
  • Қаржылық және зейнетақы қызметтерін алу үшін көмек көрсетуге уәде беретін делдалдардың қызметтерін пайдаланбаңыз.
Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15