Президент • Бүгін, 11:45

Ашхабадта Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түрікменстанға барды, деп жазады Egemen.kz.

Ашхабадта Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда

Ашхабад әуежайында Түрікменстанға ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады.

лл

дд

оо