Спорт • 10 Қазан, 2024

Үстел теннисі: Ерлер құрамасы ширек финалда жеңілді

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер командасы жартылай финалға жете алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үстел теннисі: Ерлер құрамасы ширек финалда жеңілді

Фото: ҚР Үстел теннисі федерациясы

Сауд Арабиясын 3:0 есебімен жеңген Қазақстан спортшылары ширек финалда Үндістан өкілдерімен шеберлік байқасқан еді.

Кирилл Герасименко екі ойында жеңіліс тапса, Алан Құрманғалиев ел құрамасына бір жеңіс сыйлады. Ал Айдос Кенжеғұлов қарсыласына есе жіберіп алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен Үндістанға жол беріп, жартылай финалдан тыс қалды. Алайда, отандық спортшылар енді 5-8 орындар үшін бақ сынайды.

Еске салайық, Астанадағы BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында 7 қазан күні басталған Азия чемпионатында 26 елден келген 210 спортшы бақ сынап жатыр.