28 Сәуір, 2015

Уфада Башқортостан халқы ассамблеясының съезі болып өтті

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-04-15-assamblei-1

АСТАНА. 28 сәуір. Бүгін Ресейдің Башқортостан республикасының астанасы – Уфа қаласында Бошқортостан халқы ассамблеясының III съезі болып өтті. Бұл туралы «Башинформ.рф» хабарлады. Башқортостан халқы ассамблеясы съезіне бүкіл республикадан 350 делегат қатысты. Олардың арасында аймақтарда тұратын әртүрлі конфессиялар мен ұлттық орталықтар жетекшілері болды. Съезге қатысушылар Башқортостан ұлттық-мәдени орталықтарының халық шеберлері бұйымдарынан құралған көрмені аралап көрді. Ал жиында ұлтаралық қатынас пен азаматтық келісімді нығайта түсу турасында билікпен диалог жүргізілді. Қайрат Құлымбет. Дерек, сурет: «Башинформ.рф.