КӨКШЕТАУ. 28 қаңтар. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мен шетелдік «Peterburg Holding Company», «All Energy Holding LTD» компанияларының және қазақстандық «Он Олжа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары арасындағы Көкшетау қаласында жылу электр орталығы құрылысын бастау жөніндегі өзара келісімнің екінші раунды өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кездесу барысында облыс әкімі Сергей Кулагин әлеуетті әріптестермен жылы шырайлы әңгіме бастап, жылу электр орталығы құрылысына қатысты жобалау-сметалық құжаттардың дайындалу барысымен танысты. Ол, сондай-ақ, маңызды істегі кез-келген іркіліс пен дүдәмәлділік, нақты қадамдардың айқындалмауы күткендегідей нәтиже бермейтініне екпін түсірді. Біз ықылас танытып, артықшылық беріп отырған израильдік компанияның қазақстандық кәсіпорындармен, оның ішінде қуат көздеріне бай «Он Олжа» серіктестігімен тұрақты байланыс орнатқандығы болашақ табыстарымызға кепілдік береді. Бұған қоса, өңіріміздің инвестициялық тартымдылығы өзге салалардың дамуына серпін беріп отырғандығы тілге тиек етілді.
«АН Energy Holding» компаниясының қаржы директоры Валери Амиэль сенім білдіргені үшін облыс әкімі Сергей Кулагинге рахмет айтып, жобаның қазіргі кезеңінде бастапқы жұмыстарды қаржыландыру мәселесінің шешілгендігін атап көрсетті. Қазақстан жағынан кәсіби мамандардың жұмылдырылуы ЖЭО құрылысының техникалық және стратегиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік беретінін айтқан израильдік компания өкілі келесі кездесуде облыс басшылығына инвестициялық жобаның дайын нұсқасы таныстырылатынын мәлімдеді.
Бақберген Амалбек.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше