Спорт • 11 Қазан, 2024

Үнділерді ұта алмады

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер құрамасы Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатын сәтті бастағанымен, ширек финалдық межеде оңбай сүрінді.

Үнділерді ұта алмады

Сурет: ru.freepik.com

Топтық турнирде жер­лестеріміз алдымен Сол­түстік Кореяны қапы қалдырды. Бұл команданың сапында аралас жұптар арасындағы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Ри Чон Сик ойнады. Сол спортшыға Алан Құрманғалиев (2:3) есе жіберді. Айдос Жұмағұлов (1:3) Ким Сон Ильге жол берді. Есесіне одан кейін біздің жігіттер ойын тізгінін қолға алды. Алан (3:2) Хэм Ю Сонға сан соқтырса, Кирилл Хэм Ю Сон (3:2) мен Ри Чон Сикті (3:0) сүріндірді. Есеп – 3:2. Ке­лесі кездесуде Пәкістанның тас-тал­қанын шығардық – 3:0. Сауд Арабиясына қарсы өткен ойын да дәл сондай есеппен аяқталды – 3:0. Бұл бәсекеде Герасименко, Құрманғалиев, Кенжеғұлов өз қарсыластарынан басым түсті.

Ширек финалда Үндістан құрамасымен жолымыз қиыс­ты. Бұл кездесуде қонақтар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Отандас­тарымыздың арасынан тек Алан Құрманғалиев қана өзінің мықтылығын мойындатты. Ал Кирилл Герасименко екі, Айдос Жұмағұлов бір реттен ұтылды. Сөйтіп, жігіттер жүлделі орынға таласу мүмкіндігінен айырылды. Ал қыздар топтық турнирде моңғолдарды ұтқанымен, сол­түстіккореялықтарға жол берді.