Фото: almaty.tv
Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері артикалық антициклон әсерінен Қазақстанда ауа райы суытады.
Еліміздің басым бөлігінде, орталық және шығыс Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады.
Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста нөсер жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
12-14 қазан аралығында еліміздің батысында ғана күн райы ашық болады. Десе де ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді.