Кино • 12 Қазан, 2024

«Қажымұқан» көрерменге жол тартты

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында «Қа­жымұқан» көркем фильмінің көрсетілімі өтті.

«Қажымұқан» көрерменге жол тартты

«Turan mall» сауда орталығының «Prime Сinema» кинотеатрында өткен көрсетілім алдында фильмнің қоюшы режиссері Қанағат Мұстафин, Қажымұқан рөлін сомдаған Ербол Төлепберген, Қажымұқанның жары рөліндегі Жазира Еркін, фильмнің продюсерлері – Бауыр­жан Құлмырзаев, Нұржан Жұ­манов көрермендерге түсірілім барысы туралы баяндап берді. Фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, тақырыпты 10 жылдан астам уақыт зерттеген. Кейіпкердің жас және қарт шағын, ағайынды Диас пен Ербол Төлепберген сомдаған. Ал фильмді түсіруге 80-нен астам маман мен 40-қа жуық актер қатысқан. Жоба құны – 600 млн теңге. Тарихи туындының таныс­тырылымына қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ер­тай Алтаев шығармашылық топты құт­тықтап, Қажымұқанның жетіс­тіктерін ұлықтай отырып, үлгі тұту қажеттігін айтты.

ва

«Қажымұқан» тарихи көркем фильмі Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен қазақ халқының тари­хындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, француз күре­сінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ре­сейлік, кейін бүкілодақтық чем­пионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы Қажымұқан Мұңайт­пасұлы жайында түсірілген. Соны­мен бірге дала батырының халқына деген сүйіспеншілігі, сол замандағы саясат, елдің ауыр жағдайы да суреттелген.

 

ТҮРКІСТАН