Президент • 12 Қазан, 2024

Армения Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді.

Армения Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.