Заң • 12 Қазан, 2024

Талғардағы өрт: ІІМ тергеу тобын құрды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов қылмыскерлер қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың өртеніп кеткен үйіне барып, оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талғардағы өрт: ІІМ тергеу тобын құрды

ІІМ басшысының бірінші орынбасары күдіктілерді анықтау үшін тергеу тобы құрылғанын мәлім етті.

«Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет етіп жатыр. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауына алынды», деді Бауыржан Аленов.

Айта кетейік, Талғарда қылмыскерлердің қолынан көз жұмған Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткені туралы хабарланған еді.